Қоғам

"Бейбітшілік пен келісім" ұйыстырар ел ішін

"Бейбітшілік пен келісім" ұйыстырар ел ішін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы әкімдігі жыл басында «Бейбітшілік пен келісім» жобасын әзірленген еді. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешу, ауылда бизнесті дамыту, діни түйткілдерді зерделеу және құқық қорғау саласын дамыту. Ең алғаш  ақпараттық топ 12-16 наурыз аралығында Қордай ауданында  арнайы жұмыстар жүргізген болса, 7-23  қыркүйек аралығында түсіндіру тобы  Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарына ат басын бұрды. Міне, осы есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың қорытындысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында шығарылды. width=

Басқосуда  алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов ақпараттық топтың негізгі жұмысына тоқталып өтті.

 width=

Баяндама тыңдалғаннан кейін аймақ басшысы басқарма басшысына жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі қаншалықты көрініп жатқанын сұрады. Дауыл Бейсенқұлов қазірдің өзінде жобаның жемісі көрініп, іссапарлар арқылы аудандар мен ауылдардағы негізгі мәселер айқындалғанын тілге тиек етіп, енді осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін айтты.

Басқосуда бұдан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау, дін мәселесі, құқық қорғау саласы, әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жүргізген топ жетекшілерінің де баяндамасы тыңдалып, аймақ басшысы әр бағыт бойынша нақты тапсырмаларын берді.

Ал жиын соңында ішкі саясат басқармасының ұсынысын қолдап, ақпараттық топтың келесі бағытын Сарысу мен Талас ауданына бұруға келісімін берді.

 width=

 

Саян Тілеужан