Қоғам

Бір шаңырақ астындағы біртұтас ұлт

Бір шаңырақ астындағы біртұтас ұлт

«Қоғамдық келісім» орталығында Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.Садубаевтың, этномәдени бірлестіктердің төрағаларының, белсенді мүшелерінің және жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары А. Қабиева, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Давришев, «Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ф. Клименко, «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Турдыева, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Юнусов, Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің аналар кеңесінің төрайымы Н. Перфильева, Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.Сорокин, «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Магомадов сөз сөйлеп, этносаралық тұрақтылықты одан әрі нығайту бағытында өз пікірлерін білдірді.