сейсенбі, 26 қараша, 2024 2:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірлігі күшті ел озады

Бірлігі күшті ел озады
ашық дереккөзі
Бірлігі күшті ел озады
Әлем елдерін жайлап, оның ішінде ел экономикасына да әсер еткен пандемиямен күрес бәрінен де өзекті болып отыр. Осыны Қазақстан халқы ассамблеясы обылстық хатшылығы да жақсы түсініп, індетке шалдыққандарға және онымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үнемі көмек қолын созып келеді. Мәселен, «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігі «Центр Забота – Хэсэд Полина» республикалық қайырымдылық бірлестігімен карантин кезінде уақытша жұмыссыз отырған, соның салдарынан тұрмысы төмендей бастаған отбасыларға 1 миллион 785 мың теңгеге азық –түлік, тұрмыстық бұйымдар, дәрі-дәрмек, ақшалай көмектер көрсеткен. «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданындағы Масаншы мен Сортөбе ауылдарында ауырып жатқандарға 5 миллион теңгеге дәрі –дәрмек, 3 ИВЛ аппаратын, үй жайы жоқ бір мүгедек адамға және отағасы қайтыс болған көпбалалы отбасына 11 миллион 700 мың теңгеге баспана сатып алып берген. Ал «Роденеж» орыс мәдени орталығының мүшесі Михаил Плотов «Кислород – SOS» еріктілер қоғамын құрып, барлық аудандық емханаларға оттегі толтырылған балондарды жеткізіп, облыстық ауруханаға демеушілердің көмегімен 190 мың теңге тұратын 10 инвазивтік бетпердемен қамтыған. Сондай-ақ Шу аудандық күрділер мәдени бірлестігі тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй тұрғызу үшін 300 мың теңге көлемінде көмек көрсеткен. Олар аталған індетке байланысты блок –бекеттерге қойылған қызметкерлерге де 100 мың теңгеге азық –түлік жеткізген. Облыстық өзбек мәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов көпсалалы клиникалық ауруханасының жан сақтау және пульмонология бөлімінде адам жанына араша болып жатқан дәрігерлерді 200 мың теңгеге ыстық тамақпен қамтығанын да айта кеткеніміз жөн. Өңірімізге белгілі кәсіпкер Курбан Изалов Т.Рысқұлов, Меркі аудандарындағы ауруханаларға бір-бірден құны 12 миллион теңге тұратын жасанды желдету аппаратын сыйға тартқаны да үлкен игі іс. Жуалы ауданындағы Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі, жеке кәсіпкер Тейгран Аллахбердиев 1 миллион теңгеге Жуалы аудандық медицина қызметкерлері мен емделушілерге бірнеше рет түскі ас, сусын, қымыз, осы аудандағы «Гамбург» шаруа қожалығының төрағасы Егор Кох 500 мың теңгеге 10 оттегі балонын жеткізіп берді. Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық окргуіндегі «Аббасов» шаруа қожалығының басшысы Жалил Аббасов 300 мың теңге көлемінде көмекке мұқтаж 10 отбасыға көмек көрсеткен. Белгілі кәсіпкер Ләззат Жабатаева болса 20 миллион теңгеге 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді. Нәтижесінде шілде айының өзінде өзге мәдени ұлттық бірлестіктер тарапынан пандемия салдарынан қиындыққа ұшыраған облыс тұрғындарына жалпы 103 миллион 705 мың теңгенің көмегі көрсетілген. Қайырымдылық шарасы мұнымен шектеліп қалмайтыны анық. Есет Досалы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар