дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев марқұм әйелі Салтанатты намазға жығылуға күштеген бе?

Бишімбаев марқұм әйелі Салтанатты намазға жығылуға күштеген бе?
Коллаж: jambylinfo.kz
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі онлайн форматта жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтың қорғаушылары Нүкенованың күнделігінде жазылған өтініш хатты оқып берді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары оқып берген жазбаға сенсек, бұл күнделіктегі жазба Салтанаттың "арызы" болып саналады және онда Салтанат Нүкенованың азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишімбаевтің қалауын орындау үшін үлгілі әйел болуға бар күшін салатынын жазған. 

«Мен сүйікті күйеуім Қуандық үшін өзгеремін. Психологқа барамын. Оның қалауындай өмір сүремін. Өзі қалағандай онымен бірге  намаз оқып, тура жолда жүремін. Мен Қуандыққа бәрі үшін алғыс айтамын  және оның бақытты болу  үшін бәрін жасаймын», - деп жазылған хатта.


Бишімбаевтың қорғаушылары бұл хатты сараптамаға жіберуді өтінгенімен, сот Айжан Күлбаева марқұмның бұл блокноты іске қатысы жоқ екенін айтып, оны іске араластырудан бас тартты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар