Қоғам

Бишімбаев марқұм әйелі Салтанатты намазға жығылуға күштеген бе?

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі онлайн форматта жалғасып жатыр. Бүгін Бишімбаевтың қорғаушылары Нүкенованың күнделігінде жазылған өтініш хатты оқып берді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Бишімбаевтың адвокаттары оқып берген жазбаға сенсек, бұл күнделіктегі жазба Салтанаттың "арызы" болып саналады және онда Салтанат Нүкенованың азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишімбаевтің қалауын орындау үшін үлгілі әйел болуға бар күшін салатынын жазған. 


Бишімбаевтың қорғаушылары бұл хатты сараптамаға жіберуді өтінгенімен, сот Айжан Күлбаева марқұмның бұл блокноты іске қатысы жоқ екенін айтып, оны іске араластырудан бас тартты.