Бишімбаевтың адвокаты судьяны істен шеттетуді талап етті
Астанада экс-министр Қ.Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваны істен шеттетуді талап етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бишімбаевтың қорғаушылары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірген.
Бишімбаевтың адвокаттары кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, сот барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған болатын.