Қоғам

Биыл Құрбан айт мерекесіне демалыс беріледі ме

The final spritzer

Маусым айында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді.

Бұл мерекенің нақты күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысы негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл Құрбан айттың бірінші күні жұма, 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Егер жұмыс аптасы бес күннен тұрса, 6, 7 және 8 маусым күндері демалыс болады. Алты күндік жұмыс кестесінде 6 маусым — демалыс, 7 маусым — жұмыс күні, 8 маусым — демалыс болып есептеледі.

Еске сала кетейік, Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.