сенбі, 5 қазан, 2024 19:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Чарли және шоколад фабрикасы" қазақ тілінде жарық көрді

"Чарли және шоколад фабрикасы" қазақ тілінде жарық көрді
ашық дереккөзі
"Чарли және шоколад фабрикасы" қазақ тілінде жарық көрді
Әлем және Батыс Еуропа мәдениеті мен әдебиетіндегі ең атақты шығармалардың бірі "Чарли және шоколад фабрикасы" ертегі повесі қазақшаға аударылды. Шығарма авторы – әйгілі жазушы, ақын, сценарист Руал Даһл (Roald Dahl). Кітапты Қазақстанда Steppe & WORLD Publishing баспасы шығарды.
Баспа басшысы Райса Қадірдің айтуынша, 13 қыркүйекте әлем бойынша Даһл күні аталып өтеді екен. Сондықтан қазақ тіліндегі "Чарли және шоколад фабрикасы" осы мерекеге орайластырып жарық көріген. "Чарли және шоколад фабрикасын» дүниедегі ең тәтті туынды деп айтар едім. Оқып отырғанда шоколад дәмін сездіріп, тіл үйіретін шығарма. Бұл – қазақ тілінде алғаш рет Даһл әулетінің және атақты иллюстратор Күентин Блэйктің ресми рұқсатымен шығып жатқан басылым", дейді Райса Қадір. Ол Руал Даһл мен Күентин Блэйктің өнері біріккенде, керемет симбиоз пайда болғанын айтады. "Чарли және шоколад фабрикасын" қазақ тіліне лексикограф, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Үрила Кеңесбаева аударған. Ал редакторы – Назгүл Қожабек. "Кітап өте қарапайым ағылшын тілінде жазылғанын атап өткен дұрыс. Зерттеушілер автордың қолданған сөзі екі мыңның ар жақ-бер жағында дегенді айтады. Қазақша нұсқасы да тілі жеңіл, ұғынықты болып шықты. Бұл аудармашы мен редакторымыздың жоғары деңгейдегі маман екенін дәлелдейді", дейді Райса Қадір. Баспа басшысы кітаптың балаларға арналып жазылғанына қарамастан, оқырмандардың көбі ересек адам екенін айтады. Оған кітапта өрбіген оқиғаның қызықтырып, елітіп әкетуімен қатар, үлкен ой салады. "Чарли және шоколад фабрикасы" кітабына Steppe & WORLD Publishing баспасының әлеуметтік желілердегі парақшалары (FacebookInstagram) арқылы, сондай-ақ whatsapp мессенджерімен +7 700 246 35 30 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар