Енді дәріханаға барған азаматтар дәрі-дәрмектің шекті бағасын ұялы телефон арқылы біле алады. Жамбыл облысында дәрі бағасы қатаң бақылауға алынды. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға препараттардың шекті бағасы жазылған парақшалар іліп, тұрғындарды ақпараттандыруға кірісті. Арнайы парақшада ең қажет деген бес препараттың бағасы белгіленіп, QR код көрсетілген. Бұл кодты ұялы телефонмен сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, тұрғындар парақшада көрсетілген байланыс телефондарына қоңырау шалып, шағымдана алады. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Назима Дәрменқызы: - Кез-келген дәріханаға келген азамат, тікелей бұйрықпен танысып, бұйрықтың астынан бекітілген бағаларды көре алады. Егер сіз шектен тым асқан бағада сатып алсаңыз, төменде көрсетілген біздің жобалық офистің байланыс номеріне хабарласа аласыз. Айта кетсек, аталған бастама тек Тараз қаласы емес, облысымыздың басқа да аудандарында қамтып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024