жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дұрыс режим: бала неше сағат оқып, неше сағат тынығуы тиіс?

Дұрыс режим: бала неше сағат оқып, неше сағат тынығуы тиіс?
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналар балаларына мектеп формасын, рюкзак пен кеңсе тауарларын алып беруге асығады. Алайда мектепке дайындық тек зат сатып алумен шектелмейді. Бұл – күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды, экран уақытын шектеуді, ұйқының сапасына мән беруді, қолайлы оқу кеңістігін жасауды қамтитын кешенді шаралар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл мақалада біз отбасының оқу жылына толық дайындалуына көмектесетін пайдалы ұсыныстарды ұсынамыз.

Жазғы демалыстан кейінгі күн тәртібі

Жазғы еркіндік пен демалыстан кейін мектептің құрылымдық режиміне бірден бейімделу балалар үшін оңай емес. Сондықтан мектеп басталмай тұрып, тамыз айының соңында-ақ күн тәртібін біртіндеп қалпына келтірген дұрыс.

Тұрақты уақыт белгілеу – тұру, тамақтану, оқу, демалу және ұйықтау режимі – баланың денсаулығын сақтап, стрестің алдын алады.

Күн тәртібінің негізгі компоненттері:

оқу сабақтары және үй тапсырмалары;

белсенді ойындар мен таза ауада серуендеу;

теңдестірілген, уақытылы тамақтану;

жас ерекшелігіне сай жеткілікті ұйқы;

шығармашылық пен хоббиге арналған бос уақыт.

Кіші сынып оқушыларына (1–4 сынып) үй тапсырмасына 1,5–2 сағаттан артық уақыт жұмсамау ұсынылады. 3–4 сыныпта – 2 сағатқа дейін. Ал жоғары сыныптарда жаттығуларға күніне 3–4 сағатқа дейін уақыт бөлуге болады, бірақ әр 40 минут сайын міндетті түрде үзіліс жасау керек.

ДДСҰ мәліметінше, 5–17 жас аралығындағы балалар күніне кем дегенде 60 минут белсенді қозғалыс жасауы қажет. Оның ішінде ашық ауадағы ойындар мен таңертеңгілік жаттығулар ерекше маңызды.

Тамақтану тәртібі де күн режимінің маңызды бөлігі. Баланың ас мәзірі күніне 4–5 рет, 3,5–4 сағаттық аралықпен ұйымдастырылғаны жөн. Бос уақытты қарым-қатынас, шығармашылық және жеке қызығушылықтарға арнау керек.

Экран уақыты: қанша және қалай?

Қазіргі балалардың өмірінде телефон, планшет, теледидар мен компьютер ерекше орын алады. Бірақ шамадан тыс қолдану ұйқы сапасын нашарлатып, зейіннің төмендеуіне және психологиялық шаршауға әкелуі мүмкін.

Сондықтан мамандар ата-аналарға экран уақытының тек көлемін емес, сапасын да бақылауды ұсынады.

Негізгі ұсынымдар:

ойын-сауық мазмұнын шектеп, білім беретін контентке басымдық беру;

экран алдында отыру уақытын күніне 2 сағаттан асырмау;

компьютер немесе гаджет қолданғанда үнемі үзіліс жасау;

ұйқыдан бір сағат бұрын барлық экрандарды өшіру;

жатын бөлмеге құрылғыларды қоймау;

«отбасылық цифрлық ережелер» құрып, оған ата-аналар да үлгі болуы;

қажет болған жағдайда таймерлер мен ата-ана бақылау қосымшаларын пайдалану.

Қорытынды

Мектепке дайындық – тек сыртқы атрибуттар емес, баланың психологиялық және физиологиялық саулығын қамтитын күрделі процесс. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, теңдестірілген тамақтану, жеткілікті ұйқы мен шектеулі экран уақыты – оқу жылының сәтті басталуының кепілі.

Ата-аналардың басты міндеті – балаға тек құрал-жабдық емес, сонымен қатар қолайлы орта, денсаулық пен дамуға жағдай жасау.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар