Қоғам

«Демалыстың екі түрі бар»: Биыл Қазақстандағы ұстаздар неше күн және қалай демалатыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі заңнамалық база туралы ақпарат берді

Қазақстанда педагогтерге екі түрлі демалыс беріледі. Бірі – барлығына ортақ демалыс болса, екіншісі экологиясы нашар жерде тұратын ұстаздардың демалысы, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, педагогтер үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақтығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күн.

Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы басшысы Гүлайым Тоқпанованың айтуынша, еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.