Әдеп Кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті
Әдеп Кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" бекітілді. Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Бұдан басқа, Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс. Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінде» қызметін атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарға мыналарды орналастыру мәніне талдау жүргізеді: әшкерелейтін фотосуреттер, бейне және басқа да материалдар; көңіл көтеру орындары мен шетелдік демалыс орындарынан, қымбат тұратын автомобильдер мен интерьер аясында фото және бейне, қоғам тарапынан сын тудыратын қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен өзге де сәнді заттарды көрсету. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер жоқ. Мақала жазған, Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» басшысы – аға сот орындаушысы С.Айтжанов