Депутаттар 21 жасқа толмаған қазақстандықтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025
- 598
Депутаттар Агенттік төрағасы Әбілқасымова Мадина Ерғалиқызына ресми ұсыныс жолдаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Депутаттардың айтуынша, 18–21 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында микронесие мен онлайн-кредитке тәуелділік айтарлықтай артқан.
Бұл топта:
— несие көбіне ойланбай, эмоциямен рәсімделеді;
— тұрақты табыс болмағандықтан, қарызды уақытында жабу көрсеткіші төмен;
— қаржылық сауаттылықтың төмендігі тәуекелдерді арттырады.
Сарапшылар жастарды тұтынушылық кредит нарығындағы ең осал аудитория деп атады. Бұған онлайн рәсімдеудің оңайлығы мен жылдамдығы, микрокредит ұйымдарының белсенді жарнамасы да әсер етіп отыр.
Парламент мүшелері жастар арасындағы қарыз жүктемесі жеке мәселеден әлеуметтік проблемаға айналғанын айтады.
Депутаттар жас мөлшерін 21-ге дейін көтеру ойланбай алынатын қарыздың санын азайтып, жастардың болашақ қаржылық қиындықтарының алдын алады деп есептейді.
Қазір ұсыныс реттеуші органның қарауында.
Ұқсас жаңалықтар
Күні бойы ауыр жұмыс жасайтын адамның ораза ұстамауына бола ма?
- авторБақытжан Бекболат
- 19 ақпан, 2026
Ақындар Жүрсін Ерманды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 18 ақпан, 2026





