Директор жұмыстан қуылды: Алматыдағы мектептің дәлізінде оқушылар тапталып қалды
Алматы мектептерінің бірінде 2024 жылдың 27 ақпанында кешке балалар киімдерін алатын бөлменің жанында бір-бірін таптап кетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Білім ошағының басшылығы зардап шеккендер жоқ деп отыр. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халықтың наразылығын тудырды.
Алматы қалалық білім басқармасы оқиғаның №41 мектепте болғанын айтады.
"Бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады, жобалық қуаты 870 орынға шақталған. Осы мектепте орын тапшылығын шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан сырт киім тұратын бөлмеде оқушылар жиналып қалған, - Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеленушілер бір бүлдіршінді миы шайқалғанша сабап тастағанын жазған едік.