Қоғам
Елбасы Абылай ханның үш арманы орындалып жатқанын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 2 желтоқсан, 2020
- 777
Елбасы Абылай ханның үш арманы орындалып жатқанын айтты
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" ұлттық арнасындағы "Түркістан: Көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде қазақ халқы қазіргі таңда Абылай ханның үш арманын орындап жатқанын айтып берді.
"Түркістанды көтеру – біздің халқымыз үшін қасиетті мәселе, біздің парызымыз. Бұл біздің көне, тарихы тереңде жатқан қаламыздың бірі. Басқа елге барсаң мысалы, Ресейдің Мәскеуден басқа Санкт-Петербургы бар. Түркияның Анкарадан басқа Ыстанбұлы бар. Бізде Алматымыз да бар. Енді барып келетін Түркістанымызда бар деп отырмыз. Сөйтіп-сөйтіп ел өркендейді, жер өркендейді", деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Одан өзге Елбасы Абылай ханның арманы орындалып жатқанын баса айтты.
"Қала сала алмадым деп кетті. Қазақты жерге жұмыс істеп үйретпедім деп кетті. Басын қоса алмадым деп үш арманымен өмірден өткен. Қала салу – сол ата-бабамыздың арманын орындаумен бірдей. Тәуелсіздігіміз де солай", дейді Тұңғыш Президент.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Күні бойы ауыр жұмыс жасайтын адамның ораза ұстамауына бола ма?
- авторБақытжан Бекболат
- 19 ақпан, 2026
Қоғам
Ақындар Жүрсін Ерманды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 18 ақпан, 2026






