«Енді қайталамаймын». Жас жігітті тепкінің астына алған қыздар кешірім сұрады
Олар мұны бейнеүндеу ретінде жолдады
Бірнеше күн бұрын жігітті тепкілеген қыздардың кадрлары желіні кезген. Қоғам тарапынан бұған түрлі пікірілер айтылды. Ал, бүгін "НеМолчи" қоры «жуанжұдырықты» қыздардың кешірім сұраған бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жақында түлектер арасында қыздардың жас жігітті көкала қойдай етіп сабап, жүндей түтіп қорлағаны таспаланған бейнежазба «Тикток» желісінде кеңінен таралды. Көп ұзамай полиция агрессорларды ұстап, қылмыстық іс қозғаған. Нәтижесінде кінәлі қыздардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған.
Алайда қордың оқырмандары кешірім беруге наразы.