Ерсайын Нағаспаев утильалымға қатысты пікір білдірді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев утильалымға қатысты жеке ұстанымының Үкімет позициясымен сәйкес екенін айтты.
Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ министрлік өкілдері еліміздегі отандық автокөлік өндірісі мен қолжетімділік жайлы мәлімет берді.
Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың айтуынша, Қазақстанда автокөлік шығаратын 8 өнеркәсіптік кешен бар, оның ішінде Қостанай мен Алматыда орналасқан екеуі жеңіл көлікке маманданған. 2024 жылы жеңіл көлік өндірісі 134 мыңға жеткен.