
Синоптиктердің мәліметінше, ертең кейбір өңірлерде күн ашық болса, кей өңірлерде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таразда ертең аспан сәл бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +17...+18°С, күндіз +32°С-қа дейін көтеріледі.
Астанада күн құбылмалы болады. Таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +20...+22°С аралығында болады.
Алматыда таңертең аспанды бұлт торлағанымен, күн райы көбіне ашық болады. Түстен кейін өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, найзағай кезінде 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +28...+30°С.
Шымкентте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Аспан бұлтты болғанымен, күн ашық. Түнде +18...+20°С, күндіз +33...+35°С.
Ұқсас жаңалықтар
Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 маусым, 2025