ХҚО-лар тек алдын ала жазылу арқылы қабылдайды
ХҚО-лар тек алдын ала жазылу арқылы қабылдайды
Індеттің өршуіне байланысты кейбір аймақтардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондап, белгіленген уақытта ғана бару қажет. Әзірше бұл талап Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей қалаларына және Алматы облысының Көксу, Ескелді аудандарына қатысты. Бірақ аймақтардағы бас санитар дәрігерлердің шешімімен бұл тізім толығуы мүмкін.
Сондықтан ХҚО-ға бару керек болса, кезекті әп-сәтте онлайн белгілеуге болады. Қалай?
Egov.kz порталы арқылы:
- еgov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
- басты беттегі «Кезекті ХҚО-ға онлайн брондау» сілтемесіне кіріңіз
- ашылған бетте ЖСН нөміріңізді, ауданыңызды толтырыңыз
- қажетті ХҚО мекенжайы мен қызмет түрін таңдаңыз
- әрі қарай орталыққа бару күні мен уақытын көрсетіңіз
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді!
Ескерту: ХҚО-ға 10-15 минутқа ерте барып, маска тағып, 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыз.