Қоғам

Халық қайғыдан қан жұтып отырғанда отандық телеарналар шоу көрсетеді – Данияр Есен

The final spritzer

Белгілі тележурналист Данияр Есен су тасқыны кезіндегі отандық телеарналардың жұмысын сынға алды. Оның сөзінше, жұрт дезинформация таратпауы үшін мемлекеттік ақпарат құралдары сағат сайын дұрыс ақпарат беріп отыруы тиіс, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Журналист 31 наурыз, жексенбі күні кешке жақын отандық телеарналарға жеке-жеке анализ жасап, қай телеарна қандай бағдарлама көрсетіп жатқанын видеоға жазып алған. Кейін оны әлеуметік желідегі парақшасына жүктеген. 


Данияр Есеннің бұл постын оқырмандар да қолдап, таратып, мемлекеттік ақпарат құралдары сағат сайын жедел ақпарат таратып отыру керек деген пікір қалдырған.