жұма, 22 қараша, 2024 13:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Хайп ұстап жатырмын». Рүстем Жүгінісов дау туғызған пікіріне қатысты түсініктеме берді

«Хайп ұстап жатырмын». Рүстем Жүгінісов дау туғызған пікіріне қатысты түсініктеме берді
фото - әлеуметтік желіден
Ол бұған дейін еркектерді көп әйел алуға шақырған

Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов күні кеше қоғамда қызу талқыға түскен пікіріне түсініктеме берді, деп жазады Jambylinfo.kz 
Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап бере отырып, өзінің 4 әйел алғысы келетінін айтқан. Мұнымен қоса ол 95 пайыз еркектердің көп әйел алуға ниеті бар екенін мәлімдеген. Ал, кейінірек әлеуметтік желіде осы ақпаратты тек өз ортасындағы адамдарды есепке алып айтқанын жеткізді. 

-    95 пайыз менің ойымша дедім. Оны мен ресми статистика деп айпадым. Мен араласатын адамдардың бәрі осындай пікірде болатын. Осы ойым барлық пабликтерге тарап кетті. Содан маған түрлі жаман пікір айтылып жатыр. Мен енді өзім 4 әйел алғым келеді дедім. Бұл нәрсе дінде бар.  Әр еркек 1 әйел ала ма, 2 әйел ала ма өзі біледі,- деді ол.

Сонымен қатар, желі қолданушылары тарапынан айтылған «осылар көп әйел алу үшін намаз оқиды» деген пікірге қатысты жауап берді. 

-    Мен мынандай нәрсені естігенмін, намаз оқымайды, бірақ көп әйелі бар. Яғни көп әйел алғанға дейін намаз оқымаған, қазір де оқымайды. Кәдімгідей осындай қазақтар бар. Мүмкін олар кейінірек оқитын шығар намазды. Көп әйел алғаннан кейін дінді танып, намазға келетін шығар. Бірақ, мен ешкімді бұған үгіттеген жоқпын,- деді Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар