сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 5:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Игілік ынтымақтан басталады

Игілік ынтымақтан басталады
ашық дереккөзі
Игілік ынтымақтан басталады

Былтырғы жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі «Бейбітшілік пен келісім» жобасын ұсынып, оны іске асырудың іс-қимыл алгоритмі әзірленген болатын. Жоба аясында көптеген жұмыстар қолға алынса, соның бір көрінісі – Қоғамдық келісім кеңесінің құрылуы. Ауданымыздың «совхоз аймағы» саналатын ауылдардың басын біріктіретін екінші Қоғамдық келісім кеңесі былтырғы жылдың соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Аталмыш кеңес апта басында өзінің кезекті отырысын өткізді.

Ауданда екі қоғамдық келісім кеңесі болғанымен, негізгі мақсаттары бір. Ол – ел бірлігі мен ынтымағын сақтау, ұлтаралық қатынастарды нығайту, қордаланған әлеуметтік мәселелерді, діни түйткілдерді дер кезінде шешіп отыру. Осы жоба бойынша құрамында түрлі мемлекеттік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар ақпараттық топтар ауданның елді мекендерінде болып, тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрады. Бұл жолғы кездесу Сарыбұлақ ауылдық окугіне қарасты Қайнар ауылының мәдениет үйінде өтті. Өзге ұлт өкілдері көптеп шоғырланған, негізінен қазақтармен қатар әзірбайжан, түрік, күрді, орыс, кәріс диаспораларының өкілдері қоныстанған елді мекендерде жағдай тұрақты, дегенмен де «келте болмас үшін келісіп пішер тон» мұнда да жеткілікті. Аталмыш жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұл, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет, аталмыш округтердің әкімдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес төрағалары, мектеп директорлары мен учаскелік инспекторлар және Қайнар ауылының тұрғындары қатысты. Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысының түндігін ашып, тізгінін қолға алған Сарыбұлақ, Қақпатас, Бетқайнар, Жамбыл, Степной, Қасық, Ноғайбай, Алға ауылдық округтеріне ортақ қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Мықтыбек Алтыбай жиынның күн тәртібімен таныстырып өтті. Жиында Мемлекет басшысының пәрменімен құрылған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында аталған елді мекендерде атқарылған жұмыстар талқыланды. Ондағы негізгі мәселелер турасында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет жалпылама түсініктеме беріп өтсе, одан кейін Степной, Сарыбұлақ, Жамбыл және Бетқайнар ауылдық округі әкімдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстарды саралады. Аталған ауылдарда этносаралық келісім тұрақты екені айтылып, ұсыныстар назарға алынды. Ал Жамыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесі аудандық филиалының маманы Станислав Насыров жоба аясында және тікелей ұлтаралық келісім бағытында атқарылған жұмыстары турасында қысқаша есеп беріп өтті. Жиын барысында сөз алған ақсақалдар қатарында Аманхан Рысымбетов, Магамед Фараджиев бастаған Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері келелі ойларын ортаға салды. Кеңестің күн тәртібінде шығарылған екінші сұрақ – «Совхоз аймағындағы» ауылдардан әскер қатарына жастарды шақыру барысы турасында болды. Бөлім өкілі келтірген аз ғана есептен аталмыш аймақтан былтырғы жылы әскер қатарына шақырылғандар тым аз болғаны айтылды. Кеңес мүшелері бұл аймақтарда қазақстандық патриотизмді насихаттау жұмыстарын арттыруды ауыл әкімдерінен бастап мектеп директорлары, тіпті балабақша меңгерушілері, ауыл ақсақалдары мықтап қолға алу керектігін айтты. Жиын соңында ұсыныстар айтылып, қаулы жобалары қабылданды.

Жандос ОМАРОВ, Қордай ауданы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар