Қоғам

«Ит асыраймын ба, бала асыраймын ба, өзім білемін»: Журналист Жанар Байсеміз оқырманына қатты жауап қайтарды

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы қазақ мәдениетінде өзгенің шекарасы деген түсінік жоқ екенін айтады

Танымал журналист Жанар Байсемізова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарынан келген кейбір хаттарға қатты жауап берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Үй жануарлары бар журналистке оқырмандары бала асырап алу сауап екенін жазған. Жанар Байсеміздің айтуынша, бұндай тақырыптар адамның жеке шекарасына жатады.