Қоғам

Көгілдір отын көңілді де жылытады

Көгілдір отын көңілді де жылытады

Ақсу ауылдық округіне көгілдір отын келетін күн таяу. 500 жуық шаңырақ жыл он екі ай отын тасудың машақатынан арылатын болады. Бұл жобаға 2019 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Шу қаласына баратын жоғарғы қысымды газ құбырына жақын Тасөткел су қоймасы, Тасөткел, Аспара, Оразалы батыр елді мекендеріне магистралды газ құбыры салынып, ауыл ішіне ШРП-лар орнатылған. Ақсу ауылдық округінде қазіргі кезде газды үйге кіргізіп беретін мердігерлер анықталып, бастапқы баға 320 мың теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жасалатын жұмыстардың бір бөлшегі. Бұдан бөлек ауданда аталған бағдарлама аясында 2021 жылға дейін 18 елді мекенге газ тартылады. Көгілдір отынды күткен тұрғындардың көңілі көкке жетіп қуанып отыр.