Қоғам

Күннің астында қақталып жатыр: Асаубаева Бурабайдағы пони аттардың қорқынышты суреттерін жариялады

Аида Асаубаева жануарларды пайдаланып, ақша табатын кәсіпкерлерді сынады

Бурабай курорты адамдарға жақсы, бірақ жануарларға емес. Стендапер Аида Асаубаева Бурабайда бизнес көзіне айналған жануарлардың адам шошырлық суреттерін жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Жергілікті курортта демалып жүрген бойжеткен ыстық күнде далада жатқан понидің суреті мен видеосын жариялаған. Оның айтуынша, жануар ешқайда қаша алмайды, өйткені оны байлап қойған. 

«Жануар әлсіз күйде жатыр. Жануарға дұрыс күтім жасалмаса, туризмнің дамығаны неге керек?! Байқұс жануарға кім жауапты? Өйткені, ол табыс көзі. Мұнда шетелдік туристер көп, бірақ жануарды дүние сияқты пайдаланып, лақтырып тастаған», - деп шағымданады Аида Асаубаева.

Оның айтуынша, кейін жануардың иесі хабарласып, понилердің жағдайы жақсы екенін айтқан. Дегенмен, кәсіпкер видео жіберемін деп уәде еткенімен парақшасын жауып, видеоны көрсетпеген.