Қоғам

«Каринаны өлтіріп кетеміз». Дипломат күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш тосын мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, күйеуінің туыстары оның әжесін қорқытқан

Біріккен Араб Әмірліктерінде елшінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Сәкен Мамаштан 10 жыл бойы қорлық көрдім деген  Карина Мамаш тағы да видео мәлімдеме жасап, күйеунің туыстары жақындарына тыныштық бермей жатқанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Видеода ол күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары оның әжесіне хат жазып, қоқан-лоқы көрсеткен.


Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың 10 жыл бойы ұрып-соққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. Оның даулы видео үндеуінен кейін Сәкен Мамаш  Дубайдағы қызметінен елге қайтарылып, үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.