Қоғам

Келесі жылы Қазақстанда 8 миллион адамның қолы 5G байланысына жетеді – Смайылов

Келесі жылы Қазақстанда 8 миллион адамның қолы 5G байланысына жетеді – Смайылов

2024 жылы Қазақстан бойынша 8 млн халық үшін 5G байланысы қолжетімді болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «DIGITAL ALMATY 2024» форумының жалпы отырысында сөз сөйлеген премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Премьердің айтуынша, қазір Қазақстанның 20 қаласында шамамен 2 млн адам 5G байланысын қолданады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан үкіметі «Қолжетімді интернет» атты Ұлттық жобаны қабылдаған болатын. Жобаның міндеті – 2027 жылға дейін Қазақстанның аумағын 100% интернетпен қамтамасыз ету.