Ұлттық спорт Таразда кеңінен насихатталды: жастар қорамсаққа қол салуды біле ме?
- авторМағжан Орынбасар
- 20 наурыз, 2024
- 604
Аталған фестивальде жастар садақ ату, гір көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату, қол күрес сынды спорт түрлерінен сайысқа түсіп, ішінара мықтыларды анықтады. Қызығы, қатысушылар қалалық болғандықтан, жарыс барысы жастардың ұлттық спорттан қол үзіп қалғанын көрсетіп отыр. Қорамсаққа қол сала алмағандар адырнаны тартуда бір састы. Ал, нысананы дәлдеуде «құралайды көзге атқандар» талай жаңылысты. Бірақ, өз деңгейінде жақсы өнер көрсете алды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, іс-шараның өзі қала тұрғындарына бабалардан қалған мұраны насихаттауға мұратталған. Осы орайда аға буын өкілдері ұлттық ойынның әр түрі бойынша сайыстарда ережелерді еске түсіріп, фестивальдың тартысты өтуіне септігін тигізді.
Шара соңында 6 ұлттық спорт түрінен күш сынаған 6 команда ішінен жеңімпаздар анықталып, ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024