Қоғам

Ұлттың жаны – тілінде

Ұлттың жаны – тілінде

Келмеске кеткен кеңестік дәуірде коммунистік идеология мен социалистік интернационализм барынша салтанат құрып тұрғанда қоғамдағы қалыптасқан тілдік қатынастар туралы пікір білдіруге, ой қозғауға мүмкіндік болған жоқ. Ал шындықты ашық айтқан ұлтжанды азаматтардың нендей күйге ұшырағанын да жақсы білеміз. Қазақ тілі өз жерінде, өз елінде қағажу көріп, өз үйінде төрге шыға алмай, босағадан сығалағаны шындық. Тіпті қазақ тілді кадрларға назар аударылмады. Оларға деген ықылас азайды. Соның зардабынан күні бүгінге дейін арыла қоймағанымыз жасырын емес.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, ол қасиетті қазақ тілінің тағдыры қазақтардың өзінде екендігі. Сондай-ақ ұлтымыздың саяси еркіндігі де, басқадай тетіктері де қазақтардың өз қолында. Яғни осы әлеуеттерді толыққанды пайдаланғанда ғана қазақ тілінің шын мәніндегі мемлекеттік тілге айналатыны даусыз. Сырттан келіп, ешкім біздің ана тіліміздің көсегесін көгертіп, көрпесін ұзартып бермейді. Ұлттың жаны – тілінде деген осы.

  Әкебай ЕРТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі