«Мәссаған!»: Сәкен Майғазиев елді елең еткізген архивтік фотоларымен бөлісті
Суреттерден Нұрғали Нүсіпжанов, Димаш Құдайберген бастаған бірқатар белгілі өнер майталмандарын көруге болады.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көпшілікті таңғалдырған фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өнер иесінің айтуынша, бұл кадрлар 2016 жылы түсірілген.

Суреттерден Нұрғали Нүсіпжанов, Димаш Құдайберген бастаған бірқатар белгілі өнер майталмандарын көруге болады. Жылы естеліктерге толы фотолар желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.
Әншінің оқырмандары пікір қалдырып, жақсы тілектерін жаудырып жатыр.
