Мал сойып, мұқтаж азаматтарға таратты
Еліміздегі орын алып жатқан қиын кезеңде карантиндік шектеулерге байланыстыхалық көп жиналатын жиын тойларға, құдайы тамақтар мен еске алу астарды өткізуге рұқсат жоқ. Дегенмен қазақта "Өлі риза болмай, тірі байымас" деген сөз бар. Шектеу шараларын басшылыққа ала отырып, бүгін Мойынқұм ауылының тұрғыны, аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Марат Мұқашев өзінің анасы Мұқаш келіні Оспанқызы Матай анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына арналған еске алу асына арнап 1 мүйізді ірі қара мал сойып, сойылған мал етін аудан имамының қатысуымен анасының рухына құран бағыштап жас волонтерлардың көмегімен ауылдың көмекке мұқтаж, көпбалалы 18 отбасыларға таратып берді. Бұл бастама шектеу шараларына құба құп келгендігін назарға ала отырып, Төкіш атаның әулеті жасаған осындай қайырымы мол амалды қолдауға шақырамыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбылда дауылды ескерту жасалды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024