Қоғам

Меккеде жүрген қазақстандықтардың арасында ыстықтан зардап шеккендер бар ма

Мүфтият соңғы ақпарат ұсынды

Қазақстан қажылық миссиясы Мекке жерінде қажылыққа келген отандастарымыздың дін аман екенін хабарлайды. Мүфтият хабарлағандай, жалпы, 14-16 маусым күндері 703 қажы медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Миссиядағы дәрігерлер тобының жетекшісі Ардақ Айтбайұлының айтуынша, медициналық орталық көмегіне 14-16 маусым күндері 703 қажы жүгінген. Олардың қатарында жүрек, қантамырлары, жоғары және төмен тыныс және асқазан-ішек аурулары, сондай-ақ басқа да (мазоль жарақаты, аллергия, конъюнктивит, т.б.) сырқат бойынша 120 қажы екі немесе бірнеше рет тексерілген.

Айта кетейік, бірер сағат бұрын ақпарат құралдарында Меккедегі аптап ыстықтан бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Қазақстан қажылық миссиясының құрамында 4 дәрігер және 16 туроператордың әрқайсында 1 дәрігерден, барлығы 20 білікті медицина маманы ем-шара жұмыстарын өткізеді.