Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Бишімбаев жарыссөзде не айтты?
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 мамыр, 2024
- 1.1k
Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөздің үшінші күнінде айыпталушы Бишімбаев марқұм Нүкенованы өліміне кінәлі екенін мойындағанымен, оны аса қатыгездікпен өлтірмедім деп мәлімдеді, деп хабарлады jambylinfo.kz.
«Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Бірақ мен оны өлтіремін деп ойлаған жоқпын. Оның үстіне, Салтанатты аса қатыгездікпен өлтірдің деген айыптаумен мүлде келіспеймін», - деді ол сотта.
Сондай-ақ Бишімбаев судьядан, алқа билерден адамгершілік танытып, дұрыс шешім шығаруды сұрады.
«Мен ашық сот болғанын қаладым. Бұл ашық сот маған қоғамға өз ойымды айтуға мүмкіндік берді. Қазір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде мен туралы түрлі жалған ақпараттар өріп жүр. Бірақ, мен сіздерден әділ шешім күтемін»,-деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






