«Менікі деген ұғым болу керек». Ақын Серікзат Дүйсенғазин қазіргі жастар қандай болуы керектігін айтты
Ол жастар патриот болу керек деп есептейді
Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы қазіргі жастардың ел-жерді тастап, шетелде қалуының басты себебін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақын Хабар телеарнасындағы «Оян» бағдарламасына сұқбат беріп, жастар патриот болу үшін бойынан табылуы керек қасиеттерді атап өтті. Серікзат Дүйсенғазының сөзінше, қазіргі жастар көбіне ел мүддесінен гөрі жеке бастың мүддесін жоғары қояды. Сол үшін де шетелде оқығандары елге келіп қызмет етуден бас тартып, бөтен елдегі жайлы өмірді таңдайды.