Қоғам

Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды: оқиғаның видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды: оқиғаның видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан секіруге тырысқан ер адамды құтқару процесі видеоға түсірілді.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жедел басқару орталығының "102" пультіне куәгер қоңырау шалған. Ол Тілендиев көшесіндегі көпқабатты үйдің 12-қабатынан ер адам секіргелі тұрғанын айтқан. Оқиға орнына жедел патрульдік полиция полкінің взвод командирі Әділжан Мұсылманбеков, патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Ержан Естай мен Әлихан Адаевтан барды.

Медициналық тексеру нәтижесінде 26 жастағы ер адам мас болғаны анықталды. Отбасында болған жанжалдан кейін секіруге шешім қабылдаған. Оны аудандық полиция бөліміне жеткізіп, психолог маманмен кездесу ұйымдастырды.

Polisia.kz