"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып көшпелі қоғамдық қабылдау барлық санитарлық талаптарды қатаң ұстана отырып бүгін Құмөзек ауылында өтті. Аталмыш қабылдауда ауыл тұрғындары әсіресе кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер саласына қатысты өз өтініштерін білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернет желісін орнатуды сұрады. Көшпелі қабылдау барысында 10 азамат өтініш білдіріп, барлық өтініш бақылауға алынды. Бұл шараға аудан әкімі М.Мұсаев, аудандық соттың төрағасы Б.Абуев, полиция бөлімі басшысының орынбасары Ү.Айнақұлов және бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Рейд жұмыстары жалғасуда
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024