Облыс әкімі әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді
- авторjambylinfo.kz
- 12 қазан, 2020
- 309
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс аптасын кезекті рет Тараз қаласын аралаудан бастап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
«АСАР» сауықтыру-оңалту кешені мамыр тоғайының аумағындағы ғимаратқа көшуде. Қазір ескі ғимаратта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
- Кешеннің басты міндеті – балаларды ғана емес, ересектерді де қоғамдағы толыққанды өмірге дайындау. Жаңа ғимарат барлық санаттағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы әрі жайлы болы тиіс, - деді аймақ басшысы.
Кешенде релаксацияға арналған бөлмелер, емдік денешынықтыру, логопед, психолог, әлеуметтанушы кабинеттері болады. Сондай-ақ, жеке кабинетте Инватакси диспетчерлік бөлмесі ашылады.
- Демеушіліктің арқасында біз өз ғимаратымызды сатып алуға мүмкіндігіне ие болдық. Біз сондай-ақ қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Ол құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жеке өзі қадағалауда, - деді «АСАР» сауықтыру-оңалту кешенінің директорының орынбасары Әйгерім Дәулетбаева.
Кешенде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істей алатын жеті шеберхана ашу жоспарлануда. Ғимараттың жанында аквапарк салынуда.
- Мүгедектерді оңалту, оқыту, жұмыспен қамтуды қамтитын жүйелі жұмыстар жолға қою керек, - деп атап өтті аймақ басшысы. Кешен басшылығы болашақта күндізгі стационар қызметтерін ғана емес, тәулік бойғы стационарлық көмек көрсетуді де жоспарлап отыр. Ал, қаладағы «ARAI-ELITE» жеке элиталық мектеп-гимназиясының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысан жақында пайдалануға беріледі, соңғы жұмыстары жүргізілуде.
«ARAI-ELITE» - аймақтағы алғашқы ақысыз білім беретін жеке меншік мектеп. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға арналған. 40 кабинет, компьютерлік сынып, химия, физика және биология зертханалары, акт залы, асхана бар. Сондай-ақ, футбол және баскетбол алаңдары салынбақ.
Сонымен қатар, облыс әкімі барған келесі нысан – «ARAI» медициналық орталығын қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға таяу. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша, медициналық орталықтың бір бөлігі қалыпты режимде жұмыс істеуде. - Бірінші қабатта емхана, екінші және үшінші қабаттарда аурухана орналасады. Қазір палаталарда бес-алты науқас жатыр, болашақта бір палатада екі-төрт адам болады. Медициналық орталық заманауи жабдықтармен жабдықталуда. Жақында цифрлы рентген аппаратын сатып алдық, - дейді ол.
Бердібек Сапарбаев «ARAI» үлгілі медициналық орталыққа айналуы керектігін атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиевке жеке емханалардың қызметін тексеріп, олардың өз міндеттемелерін қалай орындап жатқандығын анықтауға тапсырма берді.
- «ARAI» медициналық орталығының қызметкерлері аянбай еңбек етіп, басқа жеке клиникаларға үлгі болуы қажет. Біздің басты міндетіміз - халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, - деді Бердібек Сапарбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ақыртастан Айша бибіге дейін...
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024