Қоғам

Облыс тарихынан сыр шертетін қос кітаптың тұсауы кесілді

Құнды кітаптар үш тілде фото бедерлермен безендірілген

Бүгін «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада аймақ тарихын зерделеген «Қарахан баба мен Айша бибі» және «Тараз – өркениет өрімдерінің куәгері» атты екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кітаптардың летасын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен зиялы қауым өкілдері кесті.

Бұл кітаптар “Forte Bank” АҚ, “Алматыметрокурылыс” АҚ miniSuites”, “TAS Group” компаниялары, сондай – ақ Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен басып шығарылды.

Кітаптарды баспаға дайындаған белгілі тарихшы, археолог ғалым Сауран Қалиұлының айтуынша,  Әлиеатаға келген туристер өңірдің тарихына деген қызығушылық танытып, естелік оқу құралдарын сұраған. Тарихи деректерді топтастырып, кітап шығаруға осы жай түрткі болған.

Айта кетейік,“Тараз – Өркениет Өрімдерінің куәгері”  кітабы. Бұл кітабының авторлары – Сауран Қалиұлы, Асылжан Шайділдаев және Алтынбек Қартабай. Ал “Қарахан баба мен Айша бибі”  кітабының құрастырушысы – ортағасыр тарихының маманы Асылжан Шайділдаев.