Қоғам
Онкологиялық науқастар коронавирусқа тегін тест тапсырады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қыркүйек, 2020
- 199
Онкологиялық науқастар коронавирусқа тегін тест тапсырады
Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрайымы Диляра Қайдарова онкологиялық науқастарға COVID-19-ға ПТР-талдау тегін жасалатынын айтты.
"Онкологиялық науқастарға COVID-19-ға ПТР-талдау тегін жасалады. Өйткені мемлекет бұл қызметті тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емхана арқылы қаржыландырады. Қаржыландырудың барлығы емханаларда бекітілген. Аудандық онколог тегін ПТР-тестке жолдама беруі тиіс", - деді Д.Қайдарова.
Сондай-ақ ол онкологиялық науқастар үшін МРТ, КТ, ПЭТ, ультрадыбыстық зерттеу және өкпені рентгенге түсіру тегін жүргізілетінін айтты.
"Біз бұған 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында қолжеткіздік. Сондықтан тегін тексеруге жолдама беретін аудандық онкологтарға хабарласыңыз. Емханаларда осы тегін тексеруді талап етіңіз, оларға қаржы бөлінді. Оның барлығын мемлекет пен медициналық сақтандыру жүйесі өтейді", - деді бас онколог.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда темекі қымбаттайды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024