Онлайн құрбан шалуға шариғат рұқсат ете ме

Бүгін мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт басталды. Үш күнге созылатын бұл мерекеде айт намазы оқылып, құрбандық шалыну, қайырымдылық жасау және дастарқан жайып, қуаныш бөлісу – басты дәстүрлердің бірі болып саналады.
Құрбан айт қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатын өткізіп, биылғы мерекенің ресми түрде 6 маусымда басталатынын жариялады. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін құрбандықты онлайн түрде шалуға мүмкіндік жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Онлайн құрбан шалуға ниетті азаматтар сайтқа кіріп, мал түрін таңдай алады. Төлем Kaspi QR арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс расталғаннан кейін, пайдаланушыға SMS хабарлама келеді. Құрбан шалынған сәттің фото және видео есебі да тапсырыс берушіге жолданады. Ал құрбандық еті көмекке мұқтаж жандарға үлестіріледі.
Алайда Діни басқарма тұрғындарды мұқият болуға шақырып отыр. Себебі мереке кезінде кейбір алаяқтар жалған сайттар арқылы азаматтарды алдап, қаражатты өз пайдасына пайдалануы мүмкін.