жұма, 27 желтоқсан, 2024 14:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Отбасы - қоғамның негізі» атты кездесу ұйымдастырылды

«Отбасы - қоғамның негізі» атты кездесу ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
«Отбасы - қоғамның негізі» атты кездесу ұйымдастырылды

Тараз қаласында Қ.Рысқұлбеков саябағында Отбасы күніне орай «Отбасы - қоғамның негізі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға жеке кәсіпкер М.Лештаева, «Goodmaker» ЖШС-ның директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты А.Қайназарова, «Жамбыл облысының коммерциялық емес ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы А.Заурбекова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының лекторы, психология магистрі, «НИКА» коммуникативтік дамыту орталығының тренері Г.Сарытай, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Д.Ералиева, Халықты жұмыспен қамту орталығының қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және микроқаржыландыру бөлімінің басшысы Ж.Қалқабаев қатысты.

Кездесу барысында арнайы шақырылған қонақтар «Отбасы ошақ қасында өз бизнесін дамыту, табыс табу», «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, «Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және микро қаржыландыру», «Бақытты отбасының құпиясы, позитивті көз-қарас» тақырыптарында сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар