жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Озон қабаты қайта қалпына келуде – метеорологтар қуанышты жаңалық жеткізді

Озон қабаты қайта қалпына келуде – метеорологтар қуанышты жаңалық жеткізді
Pixabay.com
Жерді қорғайтын озон қабаты біртіндеп қалпына келіп жатыр

Жерді қоршап тұрған озон қабаты қайта қалпына келе бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дүниежүзілік метеорология ұйымының (ДМҰ) дерегінше, 2024 жылы озон қабатындағы тесік 2020–2023 жылдардағыдан әлдеқайда кіші болды. Озон қабатының қалпына келуіне табиғи атмосфералық құбылыстармен қатар, тоңазытқыштар мен кондиционерлерде, өрт сөндіргіш көбіктерде және шашқа арналған лакта қолданылған озонды бұзатын заттардан біртіндеп бас тарту әсер етті, дейді ДМҰ мамандары.

Метеорологтардың 2022 жылғы есебіне сәйкес, озон қабаты 1980-жылдардағы деңгейіне осы ғасырдың ортасына қарай жетуі мүмкін. Арктика аумағында – 2045 жылға, ал Антарктика үстінде – 2066 жылға қарай толық қалпына келеді деп болжануда.

Жер атмосферасындағы озон қабатының жұқаруы жер бетіне зиянды ультракүлгін сәуленің көп түсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде адамдарда тері рагы мен көздің катарактасы жиілеуіне, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне залал келтіреді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар