Қоғам

«Парақор полицей». Антикор әлеуметтік желідегі бейнежазбаға байланысты тергеу бастады

Алматылық тәртіп сақшысы шетелдік азаматқа «жұмсақтық» танытқан

17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы жарияланып, таралып үлгерді. Онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлері жүргізушіден ақша алу сәті таспаланған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бейнежазбаға зер салсақ, шетелдік азаматтан тәртіп сақшысының ақша алған сәтін көруге болады. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осы бейнежазбаға қатысты комментарий берді.