Патриотизм мен қоғамдық келісімді нығайтуда жастардың рөлі зор
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2020
- 308
Ағымдағы жылдың қазанынан бастап қараша айымен жалғасқан Сарысу ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Қазақстан Республикасында патриотизм мен қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі» тақырыбындағы көшпелі кеңейтілген отырысын өткізді.
Кеңейтілген отырыстың негізгі мақсаты – этносаралық ынтымақтастық пен патриотизмді дамытудағы этномәдени бірлестіктер қызметінің маңыздылығын талқылау.
Жиын барысында Мамедова Парида Иманжанқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Жамбыл облысы, Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары «Укрепление казахстанской гражданственности – важный фактор консолидации общества и суверенитета Казахстана» тақырыбында сөз қозғаса, аталған оқу орындарының оқытушылары («Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі) Еменова Гүлнар Болатбекқызы «Этнос жастарын қазақстандық мәдени кодты сақтау контекстінде тәрбиелеу» тақырыбында және («Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі) Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы «Жастардың этноконфессионалдық қатынастар саласында құқықтық құзыреттілігін жоғарылату» тақырыбында, сондай-ақ («Педагогика және психология» кафедрасының доценті», Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты) Керімбаева Рысты Қалдыханқызы «Қазақстандық патриотизмді нығайтудағы Ассамблеяның негізгі жұмыс бағыты» тақырыбында баяндамаларын жасап, өз ойларын ортаға салды.
Отырыс соңында қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз