Павлодарда бүлдіршінді құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 мамыр, 2025
- 194

Павлодар қаласының тұрғыны Мадина Ибраева кішкентай баланың өмірін сақтап қалғаны үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінде марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мадина Ибраева төртінші қабаттағы терезеден еңкейіп тұрған кішкентай қызды байқап қалған.
"Ол дереу 112 қызметіне хабарласып, құтқарушылар келгенше баланың назарын өзіне аударып, оны шетке жақындамауға көндіріп отырған. Сол арқылы қайғылы жағдайдың алдын алды", – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Облыстық ТЖД басшысы Рүстембек Әмірин оған алғыс хат табыс етті. Оның айтуынша, павлодарлық тұрғынның жедел әрекеті – төтенше жағдай кезінде азаматтардың жылдам шешім қабылдауының маңызын көрсететін жарқын үлгі.
Белгілі болғандай, төрт жасар қыз бала сол сәтте үйде жалғыз болған.