«Пинтада» қызға араша түсіп мерт болған полицейдің артында 4 баласы қалды
Марқұм Нұрсұлтан Несіпбаевқа үш рет пышақ сұққан күдікті бірден қамауға алынған
Алматыдағы мейрамханада әйелге араша түсемін деп полицей қаза тапқан полицейдің артында төрт баласы қалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz. КТК арнасына сілтеме жасап.
Қанды қылмыс қаладағы танымал мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта болған. Бақылау камерасына Нұрсұлтан Несіпбаевтың бейтаныс әйелді қалай қорғауға тырысқаны жазылған. Аяусыз соққылап жатқан ер адамға ескерту жасап, сыртқа шығып кетеді. Сөйтіп араларында жанжал туындап, арты полицейдің өлімімен аяқталды. Марқұмның мәйіті туған жері Байқоңырға жеткізілген. Марқұм Нұрсұлтан Несіпбаевқа үш рет пышақ сұққан күдікті бірден қамауға алынды. Ол өзге ел азаматы боп шықты.
31 жастағы полицей мейрамханада жұмыстан тыс уақытта жүріпті. Іш құрылысы мен жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған азамат ауруханаға жеткізіле салысымен көз жұмған.
Нұрсұлтан Несіпбаев он жылдан бері ішкі істер саласында қызмет атқарған. Әріптестері ер адамның жұмысқа адал, жанашыр азамат болғанын айтып отыр.
Полицияның айтуынша, ол Өзбекстан азаматы екен.