сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 4:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция департаментінің бастығы балалар суреті байқауының жеңімпазын құттықтады

Полиция департаментінің бастығы балалар суреті байқауының жеңімпазын құттықтады
ашық дереккөзі
Полиция департаментінің бастығы балалар суреті байқауының жеңімпазын құттықтады
Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 14 жасар оқушысы Фатима Рызаеваға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин ұйымдастырған "Жануарлар-біздің достарымыз және адамдар оларға қамқорлық жасауы тиіс" тақырыбында өткен балалар суреті байқауында жеңіске жеткені үшін сыйлықтар мен грамота табыс етті. Фатима бала кезінен-ақ бай қиял мен шығармашылыққа бейім, еті тірі жасөспірім болып өсті. Ол ерте жастан сурет сала бастады, ал ата-анасы оны ұзақ ойланбастан жергілікті көркемөнер мектебіне берді. Ол ерекше құлшыныспен құстар мен жануарлардың суреттерін ақ қағаз бетіне түсірді. Әсіресе, Фатима жылқы малын жақсы көрді, еліміздің түкпір-түкпірінен бірнеше жүздеген балалар қатысқан байқауға жылқылар бейнеленген бірнеше суретін жіберді. Акцияның мақсаты - балалардың назарын қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау мәселесіне аудару. Аружан Саин ұйымдастырған балалар суретінің байқауын Ішкі істер министрлігі қолдап, әрбір жеңімпазды бағалы сыйлық – планшетпен марапаттады. Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов анасы Адила Исмаиловнамен бірге келген жас суретшіге осы сыйлықты тапсырды. Жанат Қуанышұлымен кездеспес бұрын қонақтарға арнап Департамент музейіне экскурсия ұйымдастырылды, онда Фатима мен анасы өңірдің ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен және түрлі құнды жәдігерлермен танысты. Полиция департаментінің атынан генерал-майор Жанат Сүлейменов жас суретшіге туған өлкеге деген сүйіспеншілігі және республикалық конкурсқа белсене қатысқаны үшін мақтау грамотасын, сондай-ақ мольберт, бояулар мен қылқаламдарды сыйға тартты. Сондай-ақ, оның анасы Адила Рызаева өскелең ұрпақты лайықты тәрбиелегені үшін ПД грамотасымен марапатталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар