Қоғам

"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"

"Пойыз өтіп біткенше жұмысқа кешігеміз"

Тараз қаласының "За линией"  алқабының тұрғындары   бірінен соң бірі ағылған пойыздың кесірінен жұмыстарына кешігетіндерін айтып, шағымдануда, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі.

Шаһар орталығынан қашықта орналасқан алқапта қала тұрғындарының едәуір бөлігі қоныстанған. Олар  темір жолдың бергі бетінде орналасқан жұмыс орындарына жетуі үшін таңертең ерте шығып, біршама уақыт қоғамдық көлікте өткізуге мәжбүр. Алайда, аумағы кең ауданның барлық көшелерімен бірдей маршруттық автобустар қатынай бермейді. Сол себепті, азаматтар шойын жолдан өтіп,  содан соң автобусқа мінеді.

Алайда, бұл істің өзі оңай болмай тұр. Өйткені, "За линиейдің" 1, 2, 3 Қарасу, 1, 2, 3 Наурыз, Тынышбаев көшесінің тұрғындары елдімекен ішімен баяу  өтетін пойызды күтіп, уақыт жоғалтатынын айтып, шағымдануда.

Алдағы уақытта мұндай мәселені болдырмау үшін көпір салынуын сұрап отырған азаматтар   сөзінің дәлелі ретінде төмендегі бейнежазбаны да ұсынып отыр: https://youtu.be/o0HXc15FAwE