Қоғам

«Правасын қайтарып алады»: 20 күн түрмеде отырып шыққан Төреғали Төрәлі қару асынып, полицияға ән арнады (ВИДЕО)

Әнші жаңа туындысын Қазақстан полициясы күніне арнаған

Ең көп тәртіп бұзып, полиция қолына түсетін Төреғали Төрәлі Қазақстандағы тәртіп сақшыларға ән арнап, клип түсірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын, 2024 жылдың маусымында Алматыда арнайы жасақтың қолына түскен Төреғали Төрәлі 20 тәулік қамауда отырып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған болатын. Ал, биыл, 2024 жылдың 23 маусымында әнші қазақ полициясына арнаған әнін таныстырып жатыр.

Ал, оның оқырмандары болса осындай «тамаша клиптен» кейін Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігін қайтарып алатын шығар деген әзіл-шыны аралас пікір қалдырып жатыр.