Прокурор Айжан Аймағанованың жеке парақшасында жазылушылар саны 100 мыңға жуықтады
Бишімбаев ісінде батылдық танытып, ел ықыласына бөленген прокурор Айжан Аймағанова Instagram әлеуметтік желісінде кеше жеке (zhakiti) парақшасын ашты. Бүгін оған жазылушылар саны 94 мың адамнан асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әзірге прокурордың парақшасында бір бейнежазба жарияланған. Онда ол өзінің парақшасын қоғамға ашық қылғанын айтып, шын парақшасы осы екенін мәлімдеген.
Елді қайсарлығымен сүйсіндірген прокурордың жариялаған үндеуінің астына 5мыңнан аса пікірі жазылып, 50 мыңға жуық лайк қойылған. Парақшаның алғысөзінде автор «Будь причиной того, по которой кто-то верит в добрых людей» деп жазыпты.
Айта кетейік, бұған дейін Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша ашылып, 15 000 мыңнан астам жазылушы жинаған. Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Бірақ Астана қаласының прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның прокурор Айжан Аймағановаға қатысы жоқтығын мәлімдеген.